FlyArystan ісі бойынша тексеру басталды — Көлік министрі

Oinet.kz 22-01-2026 56

ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев FlyArystan әуе компаниясының бұрынғы қызметкері жариялаған әуе билеттеріне қатысты ақпараттың тексеріліп жатқанын мәлімдеді деп жазады Оinet.kz ақрараттық порталы.

image.png

Оның айтуынша, овербукинг – әлемнің көптеген елдерінде қолданылатын тетік. Сонымен қатар, БАҚ-та тараған мәліметтерге байланысты Азаматтық авиация комитеті тиісті тексеру жұмыстарын бастаған.

Бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатыны тексеріс барысында анықталады. Нәтижесі жарияланады, — деді Көлік министрі.

Айта кетейік, бұған дейін FlyArystan әуе компаниясының бұрынғы қызметкері Ренат Абулханов Air Astana топ-менеджерлерінің мүддесіне әуе билеттері жеңілдікпен сатылғанын мәлімдеген болатын.

Бектенов: Қымбат әрі элиталық мектептерді қаржыландыру тоқтатылсын
Кентауда кәмелетке толмаған екі қызға қатысты зорлық жасаған ер адам қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу