«Дикий Арман» өзіне қол салмақ болған. ҚАЖК мәселеге түсінік берді

Oinet.kz 03-02-2025 28

 

Ішкі істер министрлігіне қарасты Қылмыстық атқару жүйесі комитеті «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің түрмеде өзіне қол салмақ болғанына қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа түсінік берді. Бұл туралы  malim.kz порталы хабарлады.  Комитеттің таратқан мәліметіне қарағанда, ол өзіне жеңіл жарақаттар салған.

«Сотталушы өзіне жеңіл дене жарақатын келтірді. Дереу медициналық көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Сотталған адаммен мекеменің психологтары профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысты қызметтік тергеу тағайындалды», - деп жауап берген жоғарыдағы порталдың cауалына ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Арман Жұмагелдиев жуырда Қаңтар оқиғасына байланысты сот үкімімен 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.  


Қасым-Жомарт Тоқаев баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу