«Үркер» сыйлығының номинатттары белгілі болды

Oinet.kz 26-09-2024 79

417d2655-804c-47e4-9f2b-b2f2e8f30572.jpg 

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер»-2024 ұлттық сыйлығы номинанттарының шорт-листі жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ұлттық бәйге 12 номинация бойынша өткізілді. Байқауға барлығы 400 өтінім келіп түсті. Үздік жұмыстарды беделді журналистер мен медиа менеджерлерден құралған қазылар алқасы анықтады.

«Үркер» — 2024 Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 27 қыркүйек күні белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында өтеді.

Жеңімпаздарға «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталады.

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін қазақстандық ұлттық «Үркер» сыйлығы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның назарын аудару мақсатында 2017 жылы тағайындалған.

 1.png

2.png3.png4.pngScreenshot_1.png

Генерал қызметтен абыройсыз кетті. Полковниктің пешенесін не күтіп тұр?
Шымкенттік студент Францияда өткен чемпионатта жүлдегер атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу