Назарбаев Мирзияевпен не мәселе талқылады?

Oinet.kz 09-09-2024 415

 Screenshot_3.png

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанның Бұқара қаласына барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өзбекстандық телеарнаның дерегінше, Назарбаев онда қаланың тарихи орындарымен танысқан. 

Өзбекстан президент Шавкат Мирзияев те аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған қызмет сапарымен Бұқара қаласына барған. Мирзияев Назарбаевпен ресми емес кездесу өткізген.

Шавкат Мирзияев пен Нұрсұлтан Назарбаев Бұхара қаласының айтулы орындарын аралап шыққан. Олар тарихи орындардың қоғам үшін маңызын талқылап, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды екенін айтқан. 

 


Шымкентте аудан әкімі аппаратының басшысы сотталды
«Сыздықбековтың бір жылы»: Шымкенттің әкімі туралы елдің пікірі неге екітүрлі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу