Департамент тәртіптік жазаларға талдау жүргізді

Oinet.kz 30-07-2024 432

600-4.jpg 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның
талабына сәйкес, уәкілетті орган (оның аумақтық бөлімшелері) мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақталуын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Бұл ретте, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың І жартыжылдығында өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қолданылған тәртіптік жазаларға талдау жұмыстарын жүргізді.

Талдау нәтижесімен аталған мерзімде 488 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қолданылған тәртіптік жазалардың саны 20,5% артқанын көрсетті.

Осы орайда, кейбір мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану барысында заңнама талаптары сақталмай өрескел бұзушылықтар орын алған.

Атап айтқанда, тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптары дұрыс сақталмай, 36 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза заңсыз қолданылған.

Бұзушылықтардың басым көпшілігі мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану мерзімдерін сақтамау, қызметтік тергеп-тексеру тағайындау тәртібін сақтамау, қызметшілердің тиісті түсініктемелері алынбастан тәртіптік жаза қолдану бағыттарында орын алған.

Өз кезегінде, Департаменттің ұсынуымен заңнама талаптары бұзыла отырып қолданылған тәртіптік жазалардың бұйрықтарының күші жойылып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалды.

Бұл көрсеткіштер Департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүргізіп отыратынының айғағы.

Осы ретте Департаментпен ұдайы түрде мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағида талаптарының сақталуы бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Д. Суртеков,

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Түркістан облысы

бойынша департаменті басшысының

орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес

хатшылығының меңгерушісі.                                                                 


Түркия Израйльге әскер кіргізуі мүмкін
Төлешовтен қайтарылған Фосфоршылар сарайын Тасмағамбетовтың қызы қайта салып бермек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу