Көптен күткен «бас идеолог» Президент әкімшілігінен келді
Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Ертай Алтаев тағайындалды. Бұл туралы телеграмдағы pro кадры kz каналы хабарлады.
Аталған каналдың жазуынша, Ертай Алтаевтың жасы 40 -та. Ол Түркістан облысының тумасы. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін туризм, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған. 2006 жылдан бастап Туризм және спорт министрлігінде істеген. 2011 жылдан бастап Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінде еңбек еткен. Соңғы қызметі --аталған бөлімде сектор меңгерушісі.
Бұған дейін жазғанымыздай, соңғы апталарда Ақорда облыс әкімдерінің идеология саласына жауап беретін орынбасарларын қайта тағайындап жатыр. Еңбек жолына, жұмыс тәжірибесіне қарағанда Ертай Алтаев әкім орынбасары ретінде Түркістан облысындағы идеология саласына бақылау жасауы мүмкін.