Антикордың Шымкенттегі департаментінің бастығы қызметтен кетті

Oinet.kz 18-07-2024 502

whatsapp-image-2023-12-08-at-11.45.19.jpeg 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы Дәурен Ерғарин басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

--Екі жыл аралығында бірлескен жұмыстардың нәтижесінде жаңа жеке қасиеттер мен кәсіби тәжірибеге ие болдым және Өздеріңізбен бірге белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздік. Барлық бей-жай қарамайтын азаматтарға, қоғам белсенділеріне, адвокаттарға, заңгерлерге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер мен БАҚ қызметкерлеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамаларына қолдау көрсеткендеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Сіздердің үлестеріңіз қазіргі және болашақ ұрпақ үшін өте маңызды.

Басқа жұмысқа ауысуыма байланысты Сіздермен қоштасамын. Шымкент менің жүрегімде мәңгі қалады!-деп жазған ол.

Дәурен Ерғарин Антикордың Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы лауазымына 2022 жылдың желтоқсанында тағайындалған болатын.

 


Антикор кіші Қожабаевқа неге іздеу жариялады?
Көптен күткен «бас идеолог» Президент әкімшілігінен келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу