Дархан Сатыбалды: Жұмысын жандыра алмаған басшыларға шара көріледі

Oinet.kz 11-07-2024 475

Сатыбалды.jpg

 Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалы талапшыл басшы. Қарамағында қызметкерлеріне үнемі қатаңдау ескерту айтады. Бірақ, түркістандық шенеуніктер облыс әкімнің сын-ескертпелерін құлақтарына қаншалықты қыстырып жүр? Мәселе осында.

Өткен аптада Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірдегі индустриалды аймақтар мен «Turan» арнайы экономикалық аймағын инфрақұрылыммен қамту, жаңа кәсіпорындар ашу мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында Д.Сатыбалды жауапты басқармалар мен аудан, қала басшыларына жұмысты ширатуды тапсырған.

– Өңірдің дамуы өндіріс орындарының ашылуымен тікелей байланысты. Нақты тапсырмалар берілген. Индустриалды аймақтардың жұмысын жандандыра алмаған басшыларға тиісті шара көріледі. Болмайды бұлай, әрекет етіңіздер. Инвесторлар тартыңыздар. Инфрақұрылымын жетілдіріңіздер. Нақты жоспар, ұсыныстар, жүйелі жұмыс қажет, – деген облыс әкімі.

Мәжілісте Түркістан облысындағы 10 индустриалды аймақ пен «Turan» арнайы экономикалық аймағының қазіргі жай-күйіне талдау жасалды. Облыста өндірісті дамыту, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында индустриалды аймақтар құру жоспарланып, аудан қалалар тарапынан техника-экономикалық негіздемелер және соның негізінде жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, нәтижесінде, облыс бойынша индустриалды аймақтар құрылған.

Нәижесінде инвесторлар үшін Түркістан облысында бизнес климат қалыптасуда. Облыс көлемінде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және арнайы экономикалық аймақ бар. Бұл аймақтарда инвестиция құны 190 млрд. теңге болатын 95 кәсіпорын өз жобаларын жүзеге асыруда.

Осы аптада облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытайда іссапармен жүр. Сол жақта келіссөздер жүргізіп, кәсіпорындарды аралауда.



Арқаға пышақ ұрған кім? ​Жиналыста ұсталған шенеуніктің ісі сотқа түсті
Түркістанда шенеуніктер көшет егуге бөлінген қаражатты талан-таражға салған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу