Түркістан облысында 65 отбасы әулетімен полицей болып істейді

Oinet.kz 22-06-2024 263

22879a75-3166-4a0c-8b82-ef94a8b89a81.jpg

Түркістан облысында ата жолын қуып, әке ізін жалғап, бір салада қызмет еткен полиейлер әулетінің саны 65-ке жетті. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Соның бірі – Базарқұловтар әулеті.

Кез-келген мамандықта отбасылық еңбек династиясы ерекше орында тұрады. Өйткені ол сол мамандықтың мәртебесін, қоғам алдындағы имиджін айқын көрсетеді. Түркістан облысында  да әсіресе ішкі істер органдарында еңбек ететін үлгілі полицейлер династиясы аз емес.

Бүгінгі таңда олардың саны 65-ке жетіп отыр. Бірнеше буынға жалғасқан үлгілі полицейлер династиясының бірі – Келес ауданында атасы бастаған елге қызметті бүгінде шөбересі жалғаған Базарқұловтар әулеті.

Аға буын қариялар өз балалары мен немерелеріне «Тәртіп сақшысы ең алдымен адал қызмет етіп, өзі тәртіпті сақтауы тиіс. Жұмысы нәтижелі болу үшін әркім өз ісін жақсы сезіммен орындауы қажет. Кез келген сақшының жұмысында қиын сәттер көп кездеседі. Бірақ ештеңеге мойынсұнбай, берілмей, тек алға жүру керек» деген өсиетті айтудан жалыққан емес.

9aea0386-c246-4ef5-beff-5a388064ed23.jpg

07d09f01-2132-42c6-bfe7-d7a9c01c3b55.jpg

b19cdbe5-bb89-4389-bcab-a683a54e90b6.jpg


fe6dc410-f573-4d1b-8e8a-682c83e1700a.jpg


Жетісайда білім бөлімінің бұрынғы және қазіргі басшылары қамауға алынды
Таныстырған да, табыстырған да – қызмет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу