Сайрамда екі блогер қамауға алынды

Oinet.kz 14-06-2024 139

1694258606_news_b.jpeg 

Сайрам ауданы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде бопсалау арқылы ақша талап ету фактісі бойынша екі тұлға ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы хабарлады.

--Атап айтқанда «А» және «Е» есімді белсенді блогерлер аудандағы бір мектеп директорынан Facebook әлеуметтік желісінде іскерлік беделдігіне нұқсан келтіретін жарияланымын жою үшін 100 000 теңге талап еткен. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер 2 айға қамауға алынды. Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды,-делінген мәліметте.

 


Шымкенттің шенеуніктері субсидияны заңсыз берген
Өркендеу мен дәуірлеу жолы. Биыл салық полициясының құрылғанына—30 жыл.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу