Наталья Годунова қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Наталья Николаевна Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымынан босатылды. Президент Жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Годунова Есеп комитетінің төрағасы лауазымына 2018 жылы тағайындалған. 2022 жылы Есеп комитеті Жоғарғы аудиторлық палата болып құрылған кезде Годунова аталған палатаның төрағалығына қайта тағайындалған болатын.