«Күтіңіз! Мен келемін!». Мақсұт Исахов түрмеден хат жазды

Oinet.kz 29-03-2024 353

ba1940a1-6076-4252-8d84-1d065197d5c8.jpg 

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары, қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып бойынша соты өтіп жатқан Мақсұт Исахов түрмеден анасына хат жазды.

 Хат оның фейсбуктегі парақшасында жарияланды. Бір жапырақ қағазға экс-шенеунік:

Анашым менің!

Қалқаным! Қалқашым…

Сіздей Қалқаным барда, мен неден қорқамын?! Қорықпаймын!!!

Баяғыда анасы бар батырларымыз жауға сауытсыз шапқан.

Мен сот бәйгесінде жүргенде, үйде тақымыңызды қысып отырсаңыз, мен неге жеңілуге тиістімін?

Әрине бәрін жеңемін, Алла қаласа!

Күтіңіз!

Мен келемін!!!—деп жазған.

Айта кетері, Мақсұт Исаховқа ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасарына 200 мың доллар көлемінде пара берді деген күдікпен былтыр шілдеде ұсталған болатын. Қазір оның соты Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында қаралуда.  

 


Қанат Естек, «Бақытты отбасы» кітабының авторы: «​20 жылдан бері анасын таппай жүрміз»
Сенаторлар шетелдік көліктердің утильалымын төмендетуді ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу