Премьер көрсеткіші төмен өңірлерді атады

Oinet.kz 12-03-2024 326

Бектенов.jpg 

Үкімет отырысында 2024 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.

Премьер-Министрдің айтуынша, барлық негізгі макрокөрсеткіш Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай облыстары мен Астана қаласында өсті. Ең төмен көрсеткіштер Маңғыстау, Атырау, Ақмола облыстары мен Алматы қаласында байқалып отыр.

 «Министрліктер мен өңірлердің бірінші басшылары Жоспарды сапалы әрі уақытылы іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдауға тиіс. Үкімет жұмыла жұмыс істеп, экономиканың барлық саласы тиімді үйлестіруі керек», — деді Олжас Бектенов. 


Жетісайда жұмыспен қамту--көзбояушылық
Мұрат Әйтенов сотта жауап бере ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу