Бектеновтың көгалдандыруға көңілі толмайды

Oinet.kz 05-03-2024 394

Премьер-министр Олжас Бектенов өңірлердегі  абаттандыру және көгалдандыру жұмысына көңілі толмайды.  

Screenshot_7.jpg

«Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары қала тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартумен қатар, туристік саланы дамытуға да ерекше серпін береді. Дегенмен, біздің азаматтарымыз әлі де болса тротуарлар мен жарықтың жоқтығын, жасыл желектің аздығын айтып, жиі шағымданады. Яғни, түрлі қолайсыздықтарға күн сайын кезігеді. Ыңғайлы автобус аялдамалары, отбасылық демалысқа арналған жайлы орындар да жоқтың қасы», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-Министрдің айтуынша, әкімдіктер тарапынан жүйелі жұмыстың болмауынан абаттандыру және көгалдандыру жұмысы ақсап тұр. 

«Ағаштар, өсімдіктер отырғызылады, бірақ кейін ешқандай күтім жасалмайды. Көпшілік жиналатын қоғамдық орындар мен үй маңындағы аумақтар ұсқынсыз күйге айналған», - дейді ол.

Шымкентте таксидің жүксалғышынан құны 30 миллион теңге тұратын мефедрон табылды
Нұржігітов шаруаларға уәде беріп кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу