Қытай Қазақстаннан мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге қойылған шектеулерді алып тастады

Oinet.kz 09-02-2024

image.png

2024 жылғы 7 ақпаннан бастап Қазақстаннан Қытайға құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге енгізілген және осыған дейін қолданыста болған аусыл бойынша шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге тыйым салу 2005 жылдан бастап жалғасып келеді, ал аусыл бойынша шектеулер 2022 жылы енгізілген еді. Шектеулерді алып тастау ҚР оңтүстік-шығыс өңірлерінен Қытайға мұздатылған сиыр және шошқа етін, сондай-ақ, құс шаруашылығы өнімдерінің кең ауқымын экспорттауды қайта бастауға мүмкіндік береді.

Ең маңыздысы енді Қазақстан экспорттық тауарлар желісін кеңейту бойынша ветеринарлық талаптарды келісу рәсімін, сондай-ақ Қазақстанның барлық аумағынан кәсіпорындардан экспорттауға келісім алу бойынша жұмысты бастай алады.

Тыйым салуларды алып тастау туралы шешім ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы ҚХР-ға ресми сапарынан кейін қабылданды. Осы сапары барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге дайын екенін атап өткен еді.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин де көрші елдің тиісті салаларымен бірқатар келіссөздер жүргізді. Ал, 2023 жылғы қарашада ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ҚХР Бас кеден басқармасының төрағасы Юй Цзяньхуамен ресми кездесу өткізген болатын.

2023 жылы қытайлық тарап құс тұмауы мен аусыл бойынша қауіп-қатерге бағалау жүргізді. Желтоқсан айында ҚХР ГТУ сарапшылар тобы мен ҚХР Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігінің Қазақстанға сапары аясында жоғарыда аталған ауруларға жеткілікті бақылауды қамтамасыз ету тұрғысынан ветеринариялық қадағалау қызметіне аудит жүргізілді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытайға экспортқа бағытталған кәсіпорындар тізілімін кеңейту бойынша жұмысты жалғастырады. Бұл оқиға қазақстандық агробизнеске өз өнімдерін аспан асты елінің нарығына шығаруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Мирас Төлебаев: Лобби бар, бізге де қысым жасағандар болды
Ресей президенті лауазымына төрт үміткер таласқа түседі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу