Мирас Төлебаев: Лобби бар, бізге де қысым жасағандар болды

Oinet.kz 08-02-2024 382

image.png

Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың лудомания туралы заңды Үкіметтің қолдан кешіктіріп отырғаны туралы сынына жауап берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Депутат Елнұр Сабыржанұлының маған қойған сұрағына келсем, үлкен заң жобасы әзірленді. Оған Туризм және спорт министрлігі де атсалысты. 1,5 жыл емес. Ол заң жобасын жасау негізі 2022 жылдың желтоқсан айында басталған. Санасаңыз, 1,5 жыл болмайды. Екіншіден, заң жобасы туралы бастаманы көтерген Парламенттің VII шақырылымы еді. Одан кейін сайлау болып, VIII шақырылым келді. Жұмыс осылайша 3-4 айға тоқтап қалды», — дейді вице-министр.

Ол сондай-ақ заң жобасын ілгерілетуге қарсы әрекеттер бар екенін растады.

«Лоббизм элементтері бар екеніне келісемін. Өйткені заң жобасына Үкімет тарапынан тиісті қорытынды беру сатысында, тиісті рәсімдерді өту кезінде неше түрлі бірлескен ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанындағы аккредиттелген ұйымдар тарапынан қарсылық, қысым болды. Ол жағынан келісеміз», — деді Мирас Төлебаев. 

Еске салсақ, Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті өткізген сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев Үкімет лудомания туралы заңды қолдан кешіктіріп отырғанын айтқан болатын. 

Мақсұт Исаховтың ақталуы мүмкін бе?
Қытай Қазақстаннан мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге қойылған шектеулерді алып тастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу