Түркістанда екі баланың денесі табылды. Күдікті анасы

Oinet.kz 08-02-2024 300

image.png

Түркістан облысында жан түршігерлік қылмыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Telegram арналарының бірі Түркістанда екі кішкентай баланы өлтірді деген күдікпен әйелдің іздеуге жарияланғаны туралы ақпарат таратып жатыр.

"Әйел оларды жастықпен тұншықтырған" делінген хабарламада. Оқиғаға қатысты облыстық ДП түсініктеме берді.

Облыстың бас полицейінің айтуынша, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Өлім себебін анықтау үшін балалардың денелері сараптамаға жіберілген.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалардың қаза болғаны мен олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ол құрбысына хабарласып, балалардың көз жұмғанын және олардың қайда екенін айтқан. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда. Тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұраймын, - деді Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары тұрғындарды жалған ақпарат таратпауды сұрап, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылатындарын ескертіп, азаматтарды тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге шақырды.

ҚХП, ЖСДП фракциялары Бектеновтың премьер-министр лауазымына кандидатурасын қолдамады
Президент: Әкімдер инвестиция тартудың орнына ескі әдетке салып, бюджет қаражатына сеніп отырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу