«Түркістан» ӘКК» бюджет қаражатын негізсіз жұмсамақ болған

Oinet.kz 24-01-2024 385

orig_blog_24825_0.jpg 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, 2023 жылы мемлекеттік сатып алу мониторингі барысында 41,4 млрд теңге сомасына  бағаны негізсіз көтеру фактісінің алдын алынды.

Мемлекеттік қызметшілер көбінесе кеңсе тауарларын, жанар-жағармай материалдарын, компьютерлік техника мен азық-түлік өнімдерін сатып алу кезінде бюджет көлемін көбейткен.

Мәселен, 2023 жылдың қарашасында «Түркістан» ӘКК» АҚ өз веб-сайтын қайта құру қызметі бойынша 11 миллион теңгеге лот ойнатуды жоспарлаған. Мұндай қызметтер нарықта 5 миллион теңгеден аспайды. Демек, екі есе көп өсім байқалады. Антикор бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол бермеу жөнінде ұсыныс енгізді. Нәтижесінде, аталған қызмет 4 миллион теңгеге сатып алынып, 7 миллион теңге үнемделді.

2023 жылдың наурыз айында Қостанай облысына қарасты аудандық Білім бөлімі литрі 580 теңге тұратын жазғы дизель отынының 43 мың литрін сатып алуды жоспарлаған. Осы уақытта аталған отын литрінің құны 250 теңгеден төмен болған, бұл бағаның екі есе өскенін көрсетеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуы нәтижесінде 14,8 миллион теңге сомасында шығын алдын алынды.

Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 15 миллион теңгеге 3 мың дана бір реттік қорғаныш медициналық костюм жиынтығын сатып алмақ болған. Осындай көлемдегі тауардың нарықтағы орташа құны 6 миллион теңгені құрайды. 9 миллион теңге көлемінде үнемделген қаржы бюджетке қайтарылды.

Былтыр маусым айында Абай облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйым басшысына 2 млн теңгеге жиһаз сатып алуды жоспарлаған. Бұл – нарықтық бағадан бір жарым есе қымбат. Сатып алу процесіне араласқаннан кейін жиһаздың бағасы 700 мың теңгеге төмендетіліп, 1,3 миллион теңгеге сатып алынды.

 


Бауыржан ӘЛТЕЕВ: Ұшқынсыз өрт болмайды
Шеттен кадр тарту кризис пе, бизнес пе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу