Мешіт ғимаратына зақым келген жоқ-Шымкент қалалық әкімдігі

Oinet.kz 22-01-2024 318

421492165_686578933653870_7002977301098987358_n.jpg 

-Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласындағы А.Иманов көшесі №29 мекенжайда орналасқан ХІХ ғасырдың ескерткіші саналатын Дәуітұлы Шыңғысбай қажы мешітінің жанындағы 1980 жылы салынған қосалқы ғимаратты бұзуға қатысты бейнежазба таралған болатын. Осыған байланысты бүгін  Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сала басшыларымен бірге оқиға орнына арнайы барып, жағдайды бақылады,-деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.  

Мешіттің жанындағы қосалқы салынған ғимарат тарихи-мәдени мұраға жатпайды. Медресе 1998 жылға дейін шәкірт оқытты. Апаттық жағдайда болғанына байланысты қазіргі уақытқа дейін бос тұрды. Тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізген «Tech-Inspection» ЖШС-нің сараптамалық қорытындысына сәйкес, аталған қосалқы ғимарат апатты жағдайда деп танылды. Сондықтан қосымша нысан бұзылып, жоспарға сай орнына жаңа оқу ғимараты салынады. Қала әкімі құрылысты тездетіп, сапалы етіп екі айдың ішінде аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, мешіт ғимараты зақымдалмаған, бүгінде жамағатқа қызмет етуде.

421621766_686579096987187_8789005664489539113_n.jpg

 


Шымкентте екі басқармаға басшы тағайындалды
Алматыдағы жер сілкінісі 5 баллды құрады--ТЖМ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу