Шымкентте екі басқармаға басшы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы лауазымына Бауыржан Орынбасарұлы Орынтаев тағайындалды.
Жаңа басшының мамандығы бойынша біліктілігі — жерге орналастыру, мемлекеттік және жергілікті басқару.
2011-2022 жылдары Созақ аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, Созақ аудан әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім басшысы, Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.
2022-2023 жылдары Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мемлекеттік мекемесі мәдениет және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің бөлім басшысы, Шымкент қаласы әкімінің көмекшісі болған. Бауыржан Орынбасарұлы 7.12.2023 жылдан бастап бүгінге дейін Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мемлекеттік мекемесі мәдениет және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.
Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы лауазымына Меңдіқұлов Рзабек Балтабекұлы тағайындалды.
Мамандығы бойынша біліктілігі — химикалық технология мен биотехнология. Бұған дейін Энергетика министрлігінде басқарма басшысы, Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты, Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған. Былтыр қарашадан «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры қызметін атқарып келген.