Сайрамда кадрлық тағайындаулар жасалды

Oinet.kz 19-01-2024 428


b173b4f6cc6afc59b52fa5d569c4c6c8.jpg

Сайрам ауданының әкімі  Арман Сәбитовтің өкімімен Сайрам ауданы әкімінің орынбасары қызметіне Әліпов Мадияр Бақтыбайұлы тағайындалды.

Мадияр Бақтыбайұлы – 1987 жылы 4 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі – жоғары. 2008 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Сайрам ауданындағы «Дала» ЖШС-де менеджер болып бастаған.

2014-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасында бас маман, кейіннен бөлім басшысы, 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қоғамдық мониторинг бөлімінде бас инспектор, 2016-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болған.

Ал, 2018-2020 жылдары Түркістан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, 2020 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы болып қызметін атқарып келген.

Screenshot_4.png

Сондай-ақ, Сайрам ауданы әкімі Арман Сәбитовтің өкімімен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына Хамраев Жаңабек Тілекеұлы тағайындалды.

Жаңабек Тілекеұлы – 1988 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген.

Мамандығы – жоғары. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы «Исфиджаб» ЖШС-не қарасты «Мәртөбе» газеті редакциясының тілшісі болып бастаған.

2011-2022 жылдар аралығында Сайрам ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет атқарған.

Ал 2022 жылдың 11 наурызынан бастап аудандық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі ретінде жұмыс істеген.

 



Screenshot_3.png


Нұртөра Жүсіп: Мен қазір журналистикада жоқпын, өздерің шешіп алыңдар
Талақ «заңды неке» ме, зинақорлық па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу