Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Шымкентте лауазымды шенділердің сыбайлас жемқорлық қылмыспен ұсталуының соңғы кезде жиілеген рас. Олардың арасында елдің қалқаны, азаматтардың құқықтарын қорғайды деген құзырлы органның қызметкерлері де аз емес.
Жаңа жылдың алдында әлеуметтік желіде Шымкент қалалық Полиция департаментінде лауазымды қызметкердің ұсталғаны туралы ақпарат таралды. Әлеуметтік желі белсендісі «үлкен акуланың», дәлірегі полковникті 50 мың доллар және 30 миллион теңге парамен Шымкент қаласы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ұстағанын жазған еді.
Алайда Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, генерал Думан Таев мұны жоққа шығарды. Департаментте Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиевтің полиция қызметкерлерімен өткен кездесуінде журналистер осы ақпараттың анық-қанығын Шымкенттің бас полицейінің өзінен сұраған болатын.
- Бұл жалған ақпарат, ондай жағдай болмаған,-деп жауап берді генерал.
Алайда «жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайтыны» белгілі. Мұндай мәліметтің ойдан шығаралмайтыны айтпаса да түсінікті. «Параман ұсталған акуланың» арғы жағында қандай ойындар жатыр? Думан Таев елден ақпарат жасырып отыр ма?