Түркістан облысында жерді заңсыз рәсімдеген шенеуніктер қамауға алынды

Oinet.kz 02-12-2023 561

15b8d90e23d58cd9fa1456b539d36143_1280x720.jpg 

Түркістан облысында жерді заңсыз рәсімдеген шенеуніктер қамауға алынды

Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы хабарлады.

- Түркістан облысының прокуратурасы Төлеби аудан әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты ауданның арнайы жер қорындағы жерлерді заңсыз актілерді рәсімдеу арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтықпен иеленген фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

Атап айтқанда, қылмыстық іс бойынша ауданның Жер қатынастар бөлімінің басшысы, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, осы бөлімнің бұрынғы басшысымен алдын-ала сөз байласу арқылы нарықтық құны 326 млн. теңге құрайтын 200 га астам құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдегені бойынша күдіктелуде.

Түркістан облысының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен күдікті тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде,-делінген ресми ақпаратта.  

 


Түркістанда құрылыс нысандарына қатысты тексеру басталды
Жоғалған баланың өлі денесі табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу