«Дендросаябақ құрып бара жатыр»

Oinet.kz 02-11-2023 714

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Шымкент қаласының тұрғындарымен, үкіметтік емес ұйымдарымен кездесу өткізді. Жиын барысында экология министрлігі жетекшілік ететін салалардағы мәселелер талқыланды.

Screenshot_1.jpg

Аталған министрліктің таратқан мәліметіне қарағанда, жалпы, Шымкент қаласының экологиялық жағдайы тұрақты. Ауа шығарындылардың жылдық көлемі 30-35 мың тоннаны, қалдықтар 250-300 мың тоннаны құрайды.

Қаланың ірі ластаушыларының бірі – «ПетроҚазақстан ОйлПродактс» ЖШС мұнай өңдеу зауыты. Қазіргі уақытта осы зауытта жабдықтарды толық жаңғырту жүргізіліп, бірқатар ірі табиғатты қорғау іс-шаралары іске асырылды.

Бұдан басқа, кәсіпорын 2025 жылға дейін шығарындыларды 20% төмендету бойынша міндеттемелер қабылдады. Ластаушы заттар шығарындыларының лимитін өзгерту жөніндегі жобалау материалдары келісу сатысында тұр.

Жол картасында Шымкент қаласының экологиялық проблемаларын шешу бойынша 29 іс-шара өткізу жоспарланған, оның 10-ы орындалған.

Сонымен қатар, өтініштерді талдау кезінде халықты Қошқарата, Қарасу және Бадам өзендерінің жауын-шашын ағынымен ластануы, сондай-ақ өзендердің су қорғау аймақтарында тығыз құрылыс салу мәселесі толғандыратынын көрсетті.

Алайда, қаланың кейбір шағын аудандарында, жеке үй құрылыстарында орталық канализацияның болмауына байланысты тұрмыстық ағынды сулар жер асты және жер үсті суларын ластайтын шұңқырларға төгіледі. Осыған байланысты, кәріз-тазарту құрылыстарынан алыс аудандарда бұл мәселе қаралады.

Қалдықтармен жұмыс істеу саласында негізгі проблемалар қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының нормаларға сәйкес келмеуі, рұқсат етілмеген полигондардың көптігі болып отыр.  Мәселен, биыл космомониторингтің көмегімен өңірде 26 полигон анықталды, олар кейіннен жойылған.

Орман шаруашылығы саласында Президенттің елді мекендерге 15 млн. ағаш отырғызу бастамасы аясында биыл қалада 120 мың дана ағаш отырғызу жоспарланған. Жыл басынан бері 25 мың дана отырғызылған. Жыл соңына дейін Ғабит Сыздықбековтың командасы ағаш егудің жоспарын орындай алады ма?  

Айтпақшы жиында министр Шымкентте соңғы жылдары қылқан жапырақты ағаш егуге тым құмартып кеткенін баса айтқан. Жергілікті климатқа бейімделген, көлеңкесі көптеу көшеттерге көңіл бөлу қажеттігін ескерткен.  

Жиында сондай-ақ, Шымкенттің мақтанышы, көпшіліктің сүйікті демалыс орны  Денбробақтың мәселесі де көтерілді. Сөз алған тұрғындардың бірі «Дендросаябақ құрып бара жатыр» деді. Асанбай Асқаровтың бастамасымен құрылған Дендрарий бағы ашылған кезде онда ағаштың 1200 түрі болған екен. Соның қазір бар-жоғы 270 түрі ғана қалған. Биыл қоғам белсенділері жаз бойы Дендросаябақтағы ағаштардың қурап жатқанын айтып дабыл қағумен болды.    

Алайда шымкенттік атқамінерлер Дендросаябақтың жерін талан-таражға салудан басқаны білмейтін сияқты.

"Рейтинг" газеті, 1 қараша 2023 жыл. 

Журналистер Одағының ұсынысымен газет атауы көшеге берілді
«Назарбаевтың үнсіздігі»: Мұның арғы жағында қандай құпия жатыр?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу