Жолдасбек Күздеубаев -Шымкент қалалық білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы
Жолдасбек Күздеубаев Шымкент қалалық білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Жолдасбек Күздеубаев жалпы көпшілікке таныс азамат. Уақтысында «Қазақ тілі» ұйымына жетекшілік еткен. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы және басқа да лауазымды жұмыстарды атқарған. Қызмет еткен жылдары өзінің батыл пікірлерімен, бастамаларымен көзге түскен, сол үшін бір кездері ақпарат құралдарында «комиссар Каттани» атанған.
Ол Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болған жылдары білім саласындағы жөнсіздіктерге, ақша жинау, мектептерді негізсіз тексеруге қарсы күрескен азамат. Төрағаның жұмысына жеміс тілейміз!