Нұрлан Бекназаров төраға болды

Oinet.kz 28-09-2023 598

Nurlan_Beknazarov.jpg 

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Андрей Лукин палатадағы басқа тұрақты комитетке ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Андрей Иванович Лукин Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болды.

«Сенат депутаты А. Лукин Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына ауысуға өтініш берді. Сенат регламентіне сәйкес, депутаттар өз тілегі бойынша басқа комитетке ауыса алады», – деді палата төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Жалпы отырыс барысында сенаторлар аталған өтінішті қолдады.

Бұдан бөлек, Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы қызметіне Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров сайланды.

Нұрлан Бекназаров Сенатқа Шымкент қаласынан сайланған депутат.

 


Өзбекстанды Түркістан деп атау ұсынылды
Арыстанбек Мұхамедиұлы сот отырысында өзін «Цезарьға», судьяны «Гераклға» теңеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу