Арыстанбек Мұхамедиұлы сот отырысында өзін «Цезарьға», судьяны «Гераклға» теңеді

Oinet.kz 28-09-2023 634

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы да сот алдына келді. Бұл жолы бұрынғы шенеунік рейдерлік шабуыл жасады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_5.jpg

Айыптаушы тараптың айтуынша, 2020 жылы Астанадағы "Дипломат" қонақ үй кешеніне иелік ететін кәсіпкер К.-ның танысы Мұхамедиұлынан қаржылай көмек сұраған. Мұхамедиұлы кәсіпкерге 2,5 миллиард теңге беруге келіскен, бірақ оның орнына одан ЖШС жарғылық капиталының 71 пайызын енесіне аударуды сұраған. Тергеу сол кезде шенеуніктің басында қонақүйді басып алу жоспары қалыптасқан деп есептейді.

Мәміле жасалғаннан кейін шенеунік қонақүйге жүйелі түрде келіп жүрген. Оны қызметкерлерге ортақ иелерінің бірі ретінде таныстырған. Артынша, айыптаушы тараптың айтуынша, Мұхамедиұлы К.-дан қалған 29 пайыздан бас тартуды талап еткен. Осыдан кейін шенеунік "Дипломат" қызметкерлеріне ЖШС директорын қонақүйге кіргізбеу туралы бұйрық берген. Одан кейін серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамалары бұрмаланып, онда серіктестік директоры Мұхамедиұлымен үлестес тұлғамен ауыстырылды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы тағылған айыппен келіспей, жәбірленушіні саясаткер Марк Юний Брутпен, ал өзін Гай Юлий Цезарьмен салыстырды.

"Біз Рим империясының тарихынан адамзат тарихында сатқындық пен арамдықтың символы ретінде қалған Марк Юний Бруттың әрекетін жақсы білеміз. Ал Гай Юлий Цезарь Бруттың сұмдығына қарамастан, тарихта жаратушы ретінде қалды. Сен, Брутсың", – деді Мұхамедиұлы.

Ал судья Әбінұр Қарабаевқа Геракл деген ат қойды.

"Аугей патшаның қорасын көңнен тазартқан ежелгі батыр Геракл сияқты сіз де осы сот ісіндегі арамдық пен өтіріктен арыласыз деп сенемін", - деді Мұхамедиұлы судьяға.

Нұрлан Бекназаров төраға болды
Дархан Сатыбалдының неге әйел орынбасары жоқ?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу