Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды

Oinet.kz 21-09-2023 1006

Зүлфия Сүлейменова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды OInet.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне жасап.

Screenshot_37.jpg

"Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбеде дүниеге келген. Ол Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады. 2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған. Ал былтыр министр лауазымына тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін ол экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылғаны хабарланған еді.

Негізгі төрт үміткер: Аудан әкімдерінің сайлауы түн ұйқыны төрт бөлгелі тұр
Аудан әкімдерінің сайлауы: Кандидат 350 мың теңге жарна төлеуі тиіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу