Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жарылыс жасамақ болғандар кімдер?
Ұлттық қауіпсіздік комитеті биыл Түркістандағы Әзірет Сұлтан кесенесінде және Астанада террорлық әрекеттердің алдын алған. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының 40-кеңесінің ашылуында айтқан.
"Биылдың өзінде ғана Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде дайындықтың бастапқы кезеңінде болған, қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жасалатын жарылыстың, сондай-ақ, Астанадағы жұрт жиналатын орындарындағы қарулы шабуыл тоқтатылды", - деді ол.
Кесенеде жарылыс жасамақ болғандардың кімдер екендігі беймәлім.