Сарыағаштық педофил-кісі өлтірушіге үкім шықты
Сот Сарыағаш ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлап, одан кейін оны өлтірген қылмыскерді өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды
-Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық сот отырысында Сарыағаш ауданындағы бес жасар қызды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық ісі қаралды. (ҚР ҚК 99 бап.3 бөлігі,.121 бап .4 бөлігі ).
Соттың анықтағаны:
Сотталушы кәмелетке толмаған қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап, осы аса ауыр қылмысын жасыру мақсатында жасөспірімді қасақана өлтірген. Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарына тіркелген: сараптама қорытындыларымен, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамаларымен, заттай дәлелдемелермен толық дәлелденген.
Сот үкімімен :
Бұндай қылмыстық құқықбұзушылық үшін заңда 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазалары қарастырылған.
Сот үкімімен сотталушы Г.-қа ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын тағайындады. Сондай-ақ, сотталған адамға химиялық кастрация түрінде қосымша мәжбүрлеп емдеу тағайындалды. Сот қылмыстардың қауіпті қайталануын және алкоголдік масаң күйде болуын ауырлататын мән-жайларға жатқызды. Ал жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Жәбірленушілердің пайдасына сотталушы Г.-тан моральдық залал ретінде 100 млн.теңге өндірілді,-делінген Түркістан облыстық сотының таратқан мәліметінде.