Ғабит Сыздықбеков жұмысын арыз-шағым тыңдаудан бастады

Oinet.kz 07-09-2023 467

375021784_1104476450711842_6750938369423177554_n.jpg 

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Көрме» орталығында қала тұрғындарын қабылдап, алғашқы жұмыс күнін жергілікті халықтың талап-тілектерін тыңдаудан бастады. Қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауында 300-ден аса тұрғын өтінішін білдірді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  

«Көрме» орталығында әкім орынбасарлары, департамент басшылары, аудан әкімдері, басқарма басшылары мен сала мамандары қабылдауға келген азаматтардың талап-тілектерін назарға алып, бағыт-бағдар беріп, тиімді шешу жолдарын қарастырды.

Ғабит Әбдімәжитұлы халықпен ашық диалог құруға күш салып, талап-тілектер бойынша қабылданатын шешімдерді назарға алатынын жеткізді. Жауаптыларға азаматтар тарапынан түскен бірде-бір арыз-шағымды ескерусіз қалдырмай, әсіресе, әлеуметтік, инфрақұрылымды жақсартуға қатысты мәселелерді тиімді, шұғыл шешуді тапсырды.

Сонымен қатар қабылдау барысында халыққа тұрғын үймен қамту, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту салаларына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың ережелері мен шарттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 


Forbes Kazakhstan-ның миллионерлер туралы рейтингісі өтірік пе?
Сарыағаштық педофил-кісі өлтірушіге үкім шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу