Forbes Kazakhstan-ның миллионерлер туралы рейтингісі өтірік пе?

Oinet.kz 07-09-2023 425

 977401_547499001980581_1430147768_o.jpg

Қазақстанда 58 мыңға жуық доллар миллионер бар.

Дәлірегі миллионерлердің саны 57 мың 965-ті құраған. Оның ішінде 48- миллионердің дәулеті 500 миллион доллардан асады.

  ubs.com порталының мәліметіне қарағанда, Қазақстандағы доллар миллионерлер туралы ақпараттар Credit Suisse ұйымының есебінде келтірілген. Сарапшылар 48 адамның дәулеті 500 миллион доллардан асатынын да осы есепте келтіріпті.

Таратып айтар болсақ:

 -189 адамның байлығы 100 бен 500 миллион доллардың арасында;

-297 адамның байлығы 50 бен 100 миллион доллардың шамасында;

-2605 адамның дәулеті 10 мен 50 миллионның арасында;

-4115 адамның дәулеті 5 бен 10 миллионның шамасында болса, 1 мен 5 миллион доллары бар қазақстандықтардың саны 50 мың 711 екен.

Алайда бұл мәлімет жыл сайын елдегі ең бай елу бизнесменнің тізімін жариялайтын Forbes Kazakhstan басылымының рейтингісімен сәйкес келмейді. Аталған басылымның 2023 жылғы рейтингісі бойынша елде 500 миллион доллардан асатын дәулеті бар азаматтардың саны -15.

Сонда қай рейтингке сенуге болады?


Тоқаев пен Мирзияев бірін-бірі қайталады
Ғабит Сыздықбеков жұмысын арыз-шағым тыңдаудан бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу