Нұрқазы Шетенов отставкіге арыз берді
Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Нұрқазы Шетенов отставкіге арыз берді. Мұны журналистерге Жоғары сот кеңесінің баспасөз қызметі растаған. Шетенов отставкіге кету туралы арызды 7 қыркүйекте берген. Ол енді Кеңестің алдағы отырысында қаралады.
Кешегі күні сот Сарыағаш ауданында бес жастағы қызды зорлап, артынша оны өлтірген Сайдолим Гаийбназаровты өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Ол 2006 жылы кісі өлтіргені үшін сотталып, жазасын түрмеде толығымен өтеп шыққан. Биыл мамырда ауылдасын балтамен ұрғаны үшін тағы сот алдына келген. Істі аудандық соттың төрағасы Нұрқазы Шетенов қараған. Қызығы сол, сот жаза тағайындаған кезде оның бұған дейін қасақана адам өлтіріп, 10 жыл түрмеде отырғанын ескермеген. Судья қаскөйді «алғаш рет қылмыстық жауапқа тартылып отыр» деп, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған.