Суға кеткен 11 адамның 5-еуі балалар

Oinet.kz 22-08-2023 3042

 369690709_2489281217918784_5057355782360888799_n.jpg

Отырар ауданында Cырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның бәрі бір әулеттен тараған 4 отбасының мүшелері болған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

 -Отырар ауданы, Сырдария өзенінің жағасына бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшелері демалуға келіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Тұрғындардан адамдардың суға батқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шомылуға келген 20 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі балалар болса, 6-ы ересектер.  Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб құрылып, оқиға орнына Отырар ауданы әкімдігі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, орман шаруашылығы және еріктілер жолданды. Бірден іздестіру шараларына кіріскенмен, жайсыз хабарды естідік.  Өкінішке қарай 8 адам табылып, денелері судан алып шығарылды. Қалған 3 адамның мәйітін іздеу жұмыстары жалғасуда. Іздестіру шараларына жалпы 144 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылды. Мәселе облыс басшысы Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауында. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлыпхар Жолдасовпен бірге аталған жерде болып, нұсқаулықтар жүргіздік. Қайғы жамылған әулеттің үйіне барып, көңіл айттық. Тиісті көмектер ұйымдастырылатын болады.  Төтеншеліктер мен еріктілер тұрғындарға жаз бойы бұл жерге суға түсуге болмайтындығы жайлы жан-жақты ескертулер жүргізген. Анықталғандай мұндай түсіндіру жұмыстарына дәл осы әулет те қатысқан. Алайда, рұқсат етілмеген орында шомылудың зардабы мен сақтық шараларын ескермеудің салдары осындай жағдайға ұласып отыр.  Қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Қыршын кеткен өмір. Мұндай ауыр кезеңді өткеруге Алла жар болсын. Өздеріңіз бен отбасы мүшелерін қорғауға және тыйым салынған жерде шомылмауды түсіндіруге шақырамыз,-деп жазған әкім орынбасары.

 


Антикор: «Shymkent» әлеуметтік-кәсіперлік корпорациясы заңсыз тірлікке барған
Балық басынан шіриді - Басқарма басшысы да, орынбасары да оңбай тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу