Антикор: «Shymkent» әлеуметтік-кәсіперлік корпорациясы заңсыз тірлікке барған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қаласының құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жалғастыруда. Бұл туралы аталған департаменттің бастығы Дәурен Ерғарин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
-2019 жылы «Shymkent» әлеуметтік-кәсіперлік корпорациясы лауазымды тұлғалары тарапынан инвестициялық жобаны іске асыру үшін бизнес субъектісіне аукционсыз 1 гектар жерді заңсыз беру фактісі анықталды. Бұл жер учаскесі бұрын кәсіпкерден мемлекет мұқтажы үшін алынып, бірақ кейіннен бизнестің басқа өкіліне берілген.
Тексеріс барысында аталған учаскеде салынған коммерциялық ғимаратты инвестициялық жобаға жатқызуға болмайтындығы анықталған.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органның және «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту және іске асыру жөніндегі барлық шешімдері, сондай-ақ құрылысты қабылдау актісі сот тәртібімен жарамсыз деп танылды,-деп жазған Д.Ерғарин.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.