Шымкентте сыбайлас жемқорлық көбейген
29-03-2023
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті -Елбасы туралы» Заңның күші жойылған соң Елбасы кеңсесін мемлекеттен қаржыландыру азайтылады. Бұл туралы Tengrinews.kz. порталы хабарлады.
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің айтуынша, биыл Тұңғыш президенттің кеңсесін 1-1,5 миллиард теңгеге қаржыландыру көзделген. Оның енді 130 миллион теңгесі қысқартылады.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған портал осыған қатысты Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға арнайы сұрау салған. Ол биыл Тұңғыш президент кеңсесін қаржыландырудың тағы 117,7 миллион теңгеге азайтылғаны хабарлаған. Нәтижесінде 2023 жылы кеңсенің бюджеті 591,2 миллион теңгені құраған.
Былтыр кеңесе қызметкерлерінің саны 50 пайызға қысқартылып, қазіргі уақытта ол 25 шатты құраған. Қысқартулардың нәтижесінде 2022 жылы кеңсенің жалпы шығыны азайып, бюджет 750 миллион теңгеден аспаған.