Мемлекет басшысы жылу берілгенін тексеру үшін Рудный тұрғынының пәтеріне барды
Мемлекет басшысы тұрғын үйлерге жылудың қайта берілгенін өз көзімен көру үшін Рудный тұрғындарының бірінің шақыруымен пәтеріне барды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қала тұрғыны Олеся Геря жылу беру жұмысын жедел атқарғаны үшін барлық қызметкерге алғысын айтты.
Айта кетейік, Тоқаев Рудныйда құбыр жарылуына байланысты арнайы келген болатын.