Путинді қолдағаны үшін партиядан қуылған экс-депутат ресейлік арнаға сұхбат берді

Oinet.kz 21-01-2023 724

image.png

Ресей президенті Владимир Путин мен Украинадағы соғысты қолдайтынын айтқаны үшін "Ақ жол" партиясынан шығарылған депутат Азамат Әбілдаев ресейлік Соловьёв Live арнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында экс-депутат өзін партиядан қалай шығарғанын түсіндіріп, Қазақстан билігінде пастриотсымақтардың көбейіп кеткенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әбілдаев өзінің "Ақ жол" партиясының құрамында 10 жылдан астам уақыт болғанын айтады. Айтуынша, соңғы үш-үш жарым жылда отбасылық жағдайына байланысты ауылында болған. Және кейін қайта келгенінде осы жылдың ішінде партияда көп нәрсенің өзгергенін түсінген.

"Көптеген филиалдардың директорлары орындарынан кетіп, олардың орнына нағыз патриоттар, әлбетте патриотсымақтар келген. Біздің арамызда әр түрлі мәлімдемелер бойынша үнемі қайшылықтар болатын", - дейді экс-депутат.

Ол партия басшысы Азат Перуашевтің өзіне "сенің көзқарасың біздің көзқараспен сай емес" деп айтқанын және өзінің бұған қатты таңқалғанын сөз етеді. Әбілтаевтың сөзінше, ұлтық кеңестегі талқылауда 40 депутаттың ішінен өзін тек бір әйелдің ғана жақтаған.

Депутатпен сұхбаттасқан ресейлік журналист Сергей Карнаухов Қазақстан билігінің көзқарасы шынымен де антиресейлік пе әлде бұл жай қорқыныш деп сұрайды.

Экс-депутат "Ақ жол" партиясын алғашқы жылдары кәсіпкерлердің партиясы болғанын, бірақ кейін үш-төрт жылда ұлттық партияға айналғанын атап өтеді.

"Мұндай сұрақтар бойынша басшылықпен арамызда үнемі талас болатын. Және мен оң-солымды танитын адам ретінде мұндай адамдардың Қазақстанда көп екенін білемін. Олар қазір Украинада, әлемде не болып жатқанын жақсы түсінеді. Сол себепті мен үнемі осындай ұлтшылдыққа қарсы болдым", - дейді Азамат Әбілдаев.

Еске салайық, Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев Азаттық радиосына берген сұхбатында былтыр Украинаға басып кіріп, көрші елді ойрандап, бейбіт тұрғындарды қырып жатқан Ресейді қолдайтынын айтқан.

Азамат Әбілдаев бұған дейін "Ақ жол" партиясының мүшесі, партия төрағасының орынбасары қызметінде болған.

Мемлекет басшысы жылу берілгенін тексеру үшін Рудный тұрғынының пәтеріне барды
Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі: ҚР Ұлттық мұражайы директорының бұрынғы орынбасары ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу