Бас идеолог Ақордадан келді

Oinet.kz 19-01-2023

image.png

Жаңа жылдың алдында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын екі жарым жыл атқарған Шыңғыс Мұқан қызметінен кетті. Кешегі күні оның орнына жаңа кадр тағайындалды. Бұған дейін айтылып жүрген болжамдардың ешқайсысы расқа шықпады.

 Шыңғыс Мұқан бұл қызметке 2020 жылдың шілдесінде Шымкентте індет өршіп, қала әкімі Мұрат Әйтеновті тәлтіректетіп тұрған кезде келген еді. Жасыратыны жоқ, бірінші орынбасар жетекшілік жасаған ішкі саясат, білім, денсаулық, мәдениет саларынан көп шу шықты.  Әсіресе, мәдениет саласында сыбайлас жемқорлықпен шенеуніктер топ-тобымен ұсталып, сотталды. 

Бұл жолы Әйтеновтің бірінші орынбасары Ақордадан, Президент Әкімшілігінен келді.  Қуаныш Жұмабекұлы Асылов 1973 жылы 14 наурызда Алматы қаласында туған. Тағайындалғанға дейін ол ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Вашингтондағы Дюк университеті Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебін тәмамдаған. Құқықтану, саясаттану ғылымдарының магистрі. Еңбек жолында бизнесте, Президенттің Іс басқармасында, Есеп комитетінде, Білім және ғылым министрлігінде, Мәдениет және спорт министрлігінде жұмыс істеген. Бұлардан бөлек Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының бірінші вице- президенті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері қауымдастығының президенті деген сияқты қоғамдық жұмыстары да бар. 

Қоғамдық-саяси ахуалы өзге өңірлерге қарағанда күрделілеу үшінші мегаполистің идеологиясын бұл өлкеде қызмет етпеген, тәжірибе жинақтамаған Асылов қаншалықты алып кете алар екен? Тақсыр уақыттың төрелігін күтейік.

"Рейтинг" газеті


Бекназаров не бітіріп жүр?
Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне операция жасалды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×