Аймағамбетов орнынан кетті: Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

Oinet.kz 04-01-2023 563

Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Screenshot_1.jpg

“Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалсын”, – делінген бұйрықта. 

Бұрын бұл қызметті Асхат Аймағамбетов атқарған болатын. 

Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған.

1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі.

1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры.

1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі.

2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы.

2001-2006 жылдары — қосымша білім беру орталығының директоры.

2006-2020 жылдары — халықаралық білім беру орталығының бас директоры.

2006-2007 жылдары — техникалық-экономикалық колледж директоры.

2020 жылы ҚР БҒМ "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.

2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.

Мұғалімдердің жалақысы қаңтарда тағы 25%-ға өседі
Абаев қызметінен кетті: Оралов мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу