Келесі жылы 1 шілдеде жалақы көбейеді. Тоқаев оқытушылардың айлығын көтермек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғалымдарының жалақысын өсіру мәселесін көтерді.
Тоқаев білім беру жүйесінде оқушымен бірге мұғалімнің де басты тұлғаға айналуы керек екенін қадап айтты. Сондай-ақ, асыл кәсіптің беделін көтерудің маңызы ерекше екенін айтты.
"Үкімет 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап оқытушылардың, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарындағы ғалымдардың еңбекақысын ұлғайту механизмдерін пысықтауы керек", - деді Президент.