Тоқаев мұғалімдерді тағы бір жағымды жаңалықпен қуантты

Oinet.kz 01-10-2022 4054

Мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Абай облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Screenshot_4.jpg

"Білім – бәсекеге қабілетті және табысты ұлт болудың басты кепілі. Қазір елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынып жатыр. 

Біз ұстазды құрмет тұтқан елміз. Бұл сөзіміз нақты іспен бекітіліп жатыр. Арнайы Оқу-ағарту министрлігі құрылды. Біз бұған дейін «Педагогтардың мәртебесі туралы» Заң қабылдап, оның аясында мұғалімдердің жалақысын өсірдік. «Әліппені» қайтардық. Орта білімді дамытуға бағытталған бірқатар жағымды өзгерістер бар. Осындай игі шаралар арқылы біз қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз. Ұстаз біздің қоғамда әрдайым сыйлы тұлға болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Орыстар Қазақстанда тұрғысы келсе балаларын қазақ мектебіне беруі керек – депутат
Министрлік зейнеткерлердің зейнетақасын тағы да көтеретін болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу