Енді мектеп директорлары пара ала алмайды: Асхат Аймағамбетов жаңалық айтты

Oinet.kz 23-09-2022 9727

ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорлары арасындағы сыбайлас жемқорлықпен қалай күресетінін айтты.

Screenshot_2.jpg

Педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілген. Егер бұрын директор бос вакансияға екі түйіндеме келсе, өз бетінше шешім қабылдап, таңдау жасайтын еді. Қазір конкурс өткізіледі.

“Педагог құжат тапсырады, вакансияға сай критерийлер мен талаптар болады, әрбір критерий үшін ұпай қойылады. Әрбір үміткер ұпайларды өзі есептеп, құжаттарын тіркейді және электрондық жүйе арқылы жібереді. Комиссия оның баллын ала алмайды. Егер үміткердің критерийлері расталса, ең көп ұпай жинаған адам жұмыс орнын алады. Бұл әділ таңдау жасауға мүмкіндік береді", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Қазақстан проходной двор»: Тоқаевқа үндеу жарияланды
Аймағамбетов тағы бір құпиясы көпшілікті сүйсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу