Путин Қырғызстан мен Тәжікстан Президенттеріне соғысты тоқтатуды ұсынды

Oinet.kz 18-09-2022 1896

Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Олар қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайды талқылады, деп хабарлайды Кремль сайты.

Screenshot_7.jpg

Путин «тараптарды одан әрі шиеленісуге жол бермеуге және жағдайды тек бейбіт, саяси және дипломатиялық жолдармен тез арада реттеу шараларын қабылдауға шақырды».

19 қыркүйекте Қырғызстанда қырғыз-тәжік шекарасында 16-17 қыркүйекте болған қақтығыста қаза тапқандар үшін ұлттық аза тұту жарияланды. Қаза тапқандар саны 36-ға жетті, оның ішінде 15 жастағы мектеп оқушысы бар. 134 адам жарақат алған.

Жұмысынан айырылған қазақстандықтарға берілетін әлеуметтік төлем мөлшері артты
Қазақстанда дәрігерлерге 3 млн теңге беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу