Тоқаев Катарға қазақстандық өндірушінің аяқ киімін киіп барды (фото)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы шетелдік сапарларына қазақстандық өндірушінің аяқ киімін киіп барған. Бұл туралы Shoes Republic брендінің негізін қалаушы Дәурен Раманқұл өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
Дәурен Раманқұл өзінің парақшасында Тоқаевтың Санкт-Петербургта өткен халықаралық экономикалық форумда түсірілген фотосын жариялады.
"Президент мырза ПХЭФ-та Shoes Republic - Қазақстанда жасалған аяқ киіммен отырды", - деді Раманқұл.
Қоңыр түсті осы аяқ киімді президенттің Катарға жасаған ресми сапарында да киіп жүргенін байқауға болады.