Заманбек Нұрқаділов өз-өзіне қол жұмсаған - Бас Прокуратура

Oinet.kz 25-04-2022 4631

Бұған дейін Мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов Бас прокуратураға арыз жазып, әкесіне жасалған қастандыққа қатысты қылмыстық істі қайта қарауды сұрағаны хабарлаған болатын.  Ал бүгін Қайрат Нұрқаділов nege.kz редакциясына хабарласып, Бас прокуратурадан жауап алғанын, жауапқа көңілі толмайтынын мәлімдеген екен. Төменге сұхбаттың толық нұсқасын ұсынамыз.

Screenshot_38.jpg

– Әкеңіз Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты қылмыстық істі қайта қарау үшін прокуратураға арыз түсірдіңіз. Олар арызды қарау уақытын 20 сәуірге дейін созған еді. Міне, бүгін 25 сәуір болды. Қандай да бір жауап келді ме? Істі қайта қарайтын болды ма?

– Маған ресми түрде «істі қайта қарамаймыз» деген жауап келді. «Суицид жасаған, басқа деуге негіз жоқ» дейді. Мен Сіздерге маған жіберген жауабын беремін.

Қайрат Нұрқаділов осылай дейді. Қадағалаушы органнан төмендегідей жауап келген:

Бас прокуратураның жауабы.

«...Жоғарыда көрсетілген сот сараптамасы мен басқа да дәлелдер суицидке қатысты қорытындымен сай келеді. Кешенді сот психолого-психиатриялық сараптама (№918, 12.01.2006, өлген соң) да осыны көрсетеді. Осыған сай, сол кезеңде З.Нұрқаділовтің жүйке күйзелісінде болғаны суицидке апарған себептердің бірі болуы мүмкін».  

Ресей КСРО құрамында болған тағы бір елге қарсы әскери операция жасамақ
Министр қазақстандықтар шынымен орташа есеппен 250 мың теңге алатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу