Рамзан Қадыров: Шешенстанды тастап кеткен шайтандарды құрту керек
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс басталғанда Грозный орталығында 12 мың сарбаз жинап, Ресейді қолдайтытын білдірген болатын. Бұл жолы Қадыров тағы да елді таңырқатқан мәлімдеме жасады.
"Қандай жағдай болмасын арнайы операцияны тоқтатуға болмайды. Ұлтшылдардың көзін жою керек, олармен бірге бұрын Шешенстанды тастап кеткен шайтандарды да құрту керек. Олар Украинаны қорғаймыз дейді. Егер олар Шешенстанды қорғағандай күресеміз десе, барлығы түсінікті. Тек Украинаның тегін нанын жеп, келесі мемлекетке қашып кетеді", - деді ол. Бұл туралы Eadaily.com басылымы жазады.
Сонымен қатар Қадыров арнайы операцияны әрі қарай жалғастыру керегін айтып өтті.
"Бас қолбасшы Владимир Путиннен арнайы операцияны тоқтатпауын сұраймын. Біз Украинаны тазартып, босатып жатырмыз. Ұлтшылдарды жою мақсаты іске асуда. Мен Ресей әскерилері де осындай ойда деп ойлаймын. Әскерилер менен операцияны тоқтатпауды сұрауда", - деп мәлімдеді Қадыров.
Сондай-ақ ол Еуропа елдерін Ресейге қарсы қарым-қатынастарын өзгертіп, өз экономикасына балта шаппауға шақырды.
"Қанға белшесінен батқан Украина билігі біздің әділ талаптармен келіспейдіРесеймен экономикалық қатынастарыңды бұзбаңдар. Бұл сендерге тек зиянын тигізеді. Біздің тізе бүкпейтінімізді және Ресейді жеңе алмайтындарыңды түсініңдер", - деді Қадыров.