Путин Украинадағы соғыстың қандай жағдайда тоқтайтынын айтты

Oinet.kz 02-03-2022 4698

Ресей Президенті Владимир Путин Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы қақтығысты тоқтату шарттарын атады деп хабарлады Oinet.kz ria.ru-ға сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Путин Макронға Украинадағы жағдайды реттеу Ресейдің қауіпсіздік саласындағы заңды мүдделерін ескергенде ғана мүмкін болатынын айтты. Оның ішінде Ресейдің Қырымға қатысты егемендігін мойындау, Украина мемлекетінің демилитаризациясы (қарусыздандыру) мен денациациясы, Украинаның бейтарап мәртебесін қамтамасыз ету бар.

Макрон халықаралық қауымдастықтың Ресейдің Украинаға шабуылын тоқтату туралы талабын тағы бір еске салып, дереу атысты тоқтату қажет екенін айтты. Нақты айтқанда, Франция басшысы «бейбіт тұрғындар мен тұрғылықты жерлерге, барлық азаматтық инфрақұрылымға, негізгі жолдардың, атап айтқанда, Киевтің оңтүстігіндегі жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қарсы барлық соққы мен шабуылды тоқтатуға» шақырды.

«Президент Путин осы үш тармақты ұстануға дайын екенін растады», – деді Франция басшысының әкімшілігі.

Зеленский Путинге қояр басты талабын айтты
Қадыров Зеленский туралы бүкіл шындықты айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу