Shiza шымкеттіктерден кешірім сұрады
20-06-2022
Соңғы кездері әлеуметтік желіде тосын жазбаларымен ел назарын өзіне аударған Елбасының жиені Айсұлтан Рахатұлы бүгін тағы кезекті жазбасын жариялады. Бұрын "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевты сын садағына алған Айсұлтан бүгін Facebook парақшасында одан кешірім сұрады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Мен бүгін Тимур Құлыбаев пен оның балаларынанан, отбасынан кешірім сұраймын. Мен жазбаша сөздеріммен сіздерге ауыртпалық түсіргенім үшін Сізден, сіздің Әйеліңізден және балаларыңыздан кешірім сұраймын. Себебі мен жеке бас мүддем үшін қоғамға ақпарат тараттым. Кешірім сұраймын, өйткені жасаған іс-әрекеттерім менің жүрегімнен емес, ашу, реніш және кек сияқты қасиеттердің жетіспеушілігінен болды. Жасаған барлық ісім үшін Құдай алдында шын жүректен өкінемін және Құдай жүректеріңізге маған деген мейірімділікті оятады деп үміттенемін. Бәрі әділ болуы керек, мен сізді көпшілік алдында ренжіттім, енді көпшілік алдында кешірім сұраймын, - деп жазды Айсұлтан Рахатұлы.
Айсұлтан Рахаттың фейсбутегі парақшасынан скрин
Еске сала кетейік, Айсұлтан осыған дейін өз парақшасында Тимур Құлыбаевты айыптап, оған көптеп кінә артқан болатын. Оның бұл айыптаулары шындыққа жанасатыны, жанаспайтыны белгісіз еді. Айсұлтан соңғы кездері нағашы атасының отбасына қатысты көптеген жазбалар қалдырып, белсенділік танытып жүрді. Бірақ, кейіннен бұл жазбаларды Мұхтар Әблязов фейсбукте Айсұлтанның атынан жазып жүргені әшкере болып қалды.