Нұр-Сұлтан әуежайында 66 жастағы кісінің бір сөмке ақшасы ұрланды

Oinet.kz 14-02-2020

"Атырау-Нұр-Сұлтан" әуе рейсінің 66-жастағы жолаушысының жүгінде 2500 доллар және 200 000 теңге көлемінде ақша болыпты.

Көлік полицейлері "Атырау-Нұр-Сұлтан" әуе рейсінің жолаушысынан 2500 АҚШ доллары мен 200 мың теңге ұрлаған Қарағанды облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz-ке сілтеме берген OInet.kz.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылғы 24 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Халықаралық әуежайындағы Желілік полиция бөліміне "Скат" әуе компаниясының "Атырау-Нұр-Сұлтан" бағытындағы әуе рейсінің 66-жастағы жолаушысы шағымданып келген. Оның айтуынша, жүк бөлімшесінде белгісіз тұлға оның жеке заттары мен 2500 АҚШ доллары және 200 000 теңге көлеміндегі ақша қаражаты салынған жүгін ұрлап кеткен. Сондай-ақ, ол жүктің Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келгенде жоғалып кеткенін айтқан.

Сол күні-ақ көлік полицейлерімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3 бөлігімен, яғни, ірi мөлшерде жасалған ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында елордалық әуежайдың Желілік полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері осы рейспен ұшып келген жолаушыны анықтап, ұстады. Ол Қарағанды облысының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қаскүнем тасымалдағыш багаж лентасында жәбірленушіге тиесілі заттар мен ақшаларды жасырын ұрлап кеткенін мойындады.

Ұрланған заттар мен ақша тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық №2 сотының үкімімен азамат қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3,6 жыл мерзімге бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Қырғызстан Қазақстанның үстінен Дүниежүзілік сауда ұйымына шағым түсірді
Мәжілістің Бюро отырысы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×